Семей

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаланың сауда нысандары қалпына келтіріледі

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы қала аумағындағы бірқатар сауда нысандарын аралады. Атап айтқанда, «Жаңа базар», «Океан» базарлары және «Мереке» мен «Южный» сауда үйлерінде болып, кәсіпкерлермен және нысан басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда орындарының санитарлық талаптарға толық сәйкес келмейтіні, сондай-ақ ғимараттардың сыртқы келбеті мен инфрақұрылымының ескіргені атап өтілді. Бұл кемшіліктер тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасына кері әсерін тигізетіні айтылды.

Қала әкімі аталған нысандардың басшыларына санитарлық жағдайды жақсарту, сауда орындарының сыртқы келбетін ретке келтіру және жалпы жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button