Абай облысыТОП

Әлеуметтік төлемдер Абай облысында 56 млрд теңгеден асты  

Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңір тұрғындарына зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар түрінде 56,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Әлеуметтік қолдауды 279 мыңнан астам адам алып отыр.

 Осылайша, мемлекеттік төлемдер өңір халқының едәуір бөлігін қамтып, әлеуметтік қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.

Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдеріне бағытталған – 50,5 млрд теңгеден астам, ал мемлекеттік жәрдемақыларға 6,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Ай сайын төлемдерді қамтамасыз етуге шамамен 21,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жүйелілігін көрсетеді.

Жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларына зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 16 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл аталған қызметтердің халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары штаттық режимде жүргізілуде. Қызметтер уақытылы және толық көлемде көрсетілуде, – деді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Өмірзахов.

Айта кетейік, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.

Semeynews.kz

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button