ОқиғаТОПШҚО

Риддер қаласында 20 тұрғын эвакуацияланды

Риддер қаласында өрт сөндірушілер бес қабатты үйде болған өрттен 20 тұрғынды, соның ішінде 5 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 16 маусымда Риддер қалалық өрт сөндіру бөлімі пәтер өртенуі туралы хабарлама алды. Өрт сөндірушілер шұғыл тұрде өрт орнына келді. 5-ықшам ауданда орналасқан бес қабатты үйдің 5-қабатындағы пәтер өртенген. Газ бен түтіннен қорғау қызметімен түтін алаңынан 20 тұрғын, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Өртті үй иесінің анасы көріп, өрт сөндіру қызметін шақырған. Өзі 7 жастағы және 3 айлық екі немересін алып өртеніп бастаған пәтерден шығып үлгерген. Өрт сөндірушілермен 13 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

Өрттің шығуына мұздатқыштың авариялық режімі себеп болған. Жарақат алғандар жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button