Семей қаласында су тасқынының алдын алу мақсатында бөгеттер құрылып жатыр. Әсіресе, қаланың шеткі аудандары көктемгі қар еру кезеңінде жиі зардап шегетіндіктен, бұл жұмыстар өте маңызды болып отыр. Жыл сайын көктемде қардың көптеп еруі нәтижесінде тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зиян келуі мүмкін. Сондықтан, қаланың шеткері аймақтарында арнайы бөгеттер жасау қолға алынған.
Семей қаласының әкімдігі 2025 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес еріген және дала суларымен су басуы мүмкін 5 аумақты анықталған болатын. Олар Степной кенті, Восход ауданы, Юность ауданының Аэропорт көшесі, Шығыс кенті, Абдуали көшесі.
Айта кетейік, қала әкімінің бастамасымен 2025 жылдың 15 қаңтарынан бөгеттер салу жұмыстары басталды.