ОқиғаТОПШҚО

Өскеменде құтқарушылармен үй тұрғындары эвакуацияланды

Құтқарушылар 4 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады және бір азаматты құтқарды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Гагарин көшесі бойындағы үйде өрт шыққан. Құтқарушылар келгенде тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы екі бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде төсек жабықтары өртенген, өрт алаңы 0,5 шаршы метр. Өрт сөндірушілермен қауіпсіздік мақсатында 4 тұрғын, соның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

Фото: ШҚО ТЖД

Газбен түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі барлау жүргізу барысында жабық пәтерден 1972 жылғы ер адамды құтқарды. Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық қаралу нәтижесі бойынша ауруханаға жатқызу қажет емес.

Өрттің шығу себебі – үй иесінің мас күйінде отқа ұқыпсыз қарауы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button