Өзара ынтымақтастық туралы меморандум қала әкімдігі, “Алтын Ұя Семей” ЖШС және “Selam Kaz”ЖШС арасында жасалды. Меморандумға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен аталған ЖШС басшылары қол қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Меморандум апатты (ескірген) тұрғын үй орнында жаңа тұрғын үйлер салуды көздейді. Бұл ретте, осы тұрғын үйде тұратын азаматтар инвестордың есебінен тұрғын үйге уақытша көшіріледі.
Құрылыс кезеңінде инвестор өз есебінен пәтер иелерін көшіреді және оларға тұрғын үй жалдайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер инвестор ренавациядағы үйдің шаршы метріне сай пәтер береді.
Қол қойылған меморандум қаламыздағы апатты үйлердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұл Семей қаласының тұрғын үй қорын жаңарту жөніндегі алғашқы екіжақты келісім.
Semeynews.kz