Абай облысыДенсаулықМӘМСТОП

МӘМС-те сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін талапкерлер не істеуі керек

Биыл Абай облысының 5000-нан астам түлегі мектепті аяқтады. Осыған байланысты ӘМСҚ өңірлік филиалы 18 жасқа толған талапкерлер мен студенттер үшін сақтандыру мәртебесін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтар 18 жаста автоматты түрде «балалар» санатынан түсіп қалады. Сақтандырылған тұлға мәртебесі болмаған жағдайда жоспарлы медициналық көмекке қолжетімділік жоғалады.

Мәртебені қалай сақтауға болады?

– Мәртебеңізді сақтау үшін ай сайынғы жарналарды жүйелі түрде төлей отырып, МӘМС жарналарын өз бетінше төлеуші ретінде төлеуді бастаңыз.
Өз бетінше төлеушілер ең төменгі жалақының 5% төлейді. 2024 жылы жарналардың мөлшері 4250 теңгені құрайды.
– Екінші әдісі – оқу орнына күндізгі бөлімге түсу кезінде жүйеде мәртебесін сақтайды. Бұл жағдайда студент ретінде жеңілдік мәртебесі беріледі.
– Үшінші әдіс – егер түлек мектептен кейін оқуын жалғастырмай, ресми түрде жұмысқа орналасуға шешім қабылдаса, оған жарналар мен аударымдарды жұмыс беруші жүргізеді.

Қалай және қайда төлеу керек?

МӘМС жарналарын кез-келген ыңғайлы тәсілмен – Қазпошта және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Айта кетейік, сіз талапкер болып табылатын және ресми түрде жұмысқа орналаспаған кезеңде МӘМС жарналары бойынша берешек жинақталады, оны кейін төлеу қажет. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жарналарды дербес төлеуші ретінде уақытылы төлеу керек.

Егер сізде МӘМС бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды посттың астына қалдырыңыз, біз сізге міндетті түрде жауап береміз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button