Абай облысыТОП

Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгілері табысталды

Семей қаласында жас толымның әскери ант қабылдау рәсімінде облыстық ардагерлерге Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгілері табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Екі жыл тарихы бар Абай облысының ардагерлері қазіргі таңда жастар ұйымы, оқушылар және студенттерді патриоттық тәрбиелеу мәселесінде белсенді ат салысып жүр. Осы себепті белсенділік танытып, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ардагерлерге салтанатты түрде «Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жыл» атты төсбелгілері табысталды.

Табыстау рәсімі барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшының орынбасары полковник Дархан Ажибаев, ардагерлеріміздің ерең еңбегін атап өтті.

  • Сіздердің әскер сабынан құрметті зейнетке шыққандарыңызға біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өрескел ұрпақты тәрбиелеуге көмек беріп жүрсіздер. Нағыз елінің патриоты деп, сіздермен мақтан тұтамыз. Сіздерден тәлім, тәрбие алған ұлдарымыз бен қыздарымыз Отан қорғау жолындағы қасиетті, игі істерімізіді жалғастырады деген сенімдеміз.

Салтанатты шара естелікке суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button