ҚоғамСемейТОП

Семей әкімдігінде «SemeyBus» ЖШС жеңілдіктер болмайды дегенді жалғанға шығарды

Семей әкімдігінде қалалықтарға қоғамдық көліктерде барлық жеңілдіктер сақталатынын айтты, деп хабарлайды Semey News.

Жолаушыларды тасымалдау бөлімінде әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында «ШҚО Семей қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алулар шартына сәйкес қоғамдық көліктерде жеңілдіктері бар жолаушыларды (І және ІІ топтағы мүгедектер, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, 70 жастан асқан зейнеткерлер тарифтің 50%) тасымалдау төлемдерінен бас тартты деген ақпарат белсенді таралуда деп хабарлады.

«Өз кезегінде Семей қалалық әкімдігі, аталған ақпарат жалған деп түсіндіруде. Аталған төлемдер бойынша шарттық міндеттемелерді тоқтату түріндегі ресми өзгерістер болған жоқ. Атап өту керек, «Фонд развития промышленности» АҚ (одан ары – ФРП) және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Semeybus» ЖШС арасында ФРП үлесіне жалға алынған заттарды (автобустарды) алып қою туралы сот ісі қаралуда. Қазіргі уақытта бөлімде қаржылай төлем төлеуден бас тартуға негіз жоқ. Керісінше бөлім жеңілдікпен жол жүруге құқылы тасымалданған тұлғалардың нақты саны бойынша барлық тасымалдаушыларға төлем төлеу сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп көлік бөлімінің instagram ресми парақшасында айтылған.

Бөлімде аталған шарт жыл аяғына кейін әрекет ететінін және де оның шарттары бойынша автопарк жекелей санаттағы азаматтарды тасымалдауды жүзеге асыруға міндетті екенін айтып өтті.

«Айтпақшы, бұл «SemeyBus» ЖШС таратылған бірінші жалған ақпарат емес», – деп көлік бөлімінде атап өтті.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде жергілікті БАҚ және Instagram, Facebook пабликтерінің редакцияларын, осындай материалдарға сілтеме жасау кезінде «ШҚО Семей қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімі» ММ түсіндірме алуды сұрады.

«Жалған ақпараттарға сілтеме жасамауға шақырамыз», – деп көлік бөлімінде қорытындылады.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button