Асфальт төсеу жұмыстары Семей қаласының сол жағалауындағы Галето, Автодорожная, Ұшақтар кентіндегі 10 тұйық, Юность көшелерінде басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жол жөндеу жұмыстары басталған көшелерге барып, жұмыстардың жай-күйін бақылады. Қала басшысы ЖК және АЖ бөлімінің басшылығына мердігерлердің жұмысын қатаң қадағалауды және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшелерге қауіпсіздік жол белгісін қоюды тапсырды.
ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Адилбек Увасиловтың айтуынша, биыл жоларды асфальттау жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда ерте басталды. Биыл конкурстық рәсімдер 4 Лот бойынша өткізілді. Қазіргі таңда №1 Лот бойынша асфальттау жұмыстары басталды.
Айта кетейік, биыл жалпы ұзындығы 36 км болатын 40 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіледі.
Semeynews.kz