Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

Абай облысында МӘМС мәселелері бойынша өңір тұрғындарымен кездесулер өткізілуде

Облыстық филиал директоры Ғалымжан Әбілов Халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысу үшін Жарма ауданына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аудандық штабтың мәліметінше, Жарма ауданы 17 пайыздық арақатынасы бар 6-орында, халық саны 34 470, сақтандырылмағандар саны 5 732 адам.

“Бұған дейін айтылғандай, қазақстандықтарды тарту бойынша жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде. Оның негізгісі – МӘМС бойынша төлемдерді уақтылы жүргізбейтін жұмыс берушілермен Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жандандыру.

Мұндай есептік кездесулер жергілікті атқарушы органдар мен ӘМСҚ-ның нақты жұмысы мен өзара іс-қимылын бағалауға, проблемаларды анықтауға және оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді.

“Халықты МӘМС жүйесімен қамтудағы басты міндетіміз – барлық қазақстандықтар сапалы медициналық көмек алуы керек”, – деп қорытындылады Ғалымжан Әбілов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button