Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында 30 адам мас күйде көлік жүргізген

Абай облысында ақпан айының басынан бері мас күйде көлік басқарған 30 адам анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Өңір аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтауға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Соның барысында патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4 мыңнан астам фактісін тіркеді. Оның ішінде жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарда 1 277 бұзушылық анықталған.

«80-нен астам адам көлігін тиісті рұқсатсыз түрлендіріп алған. 250 жүргізуші автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланды. 700-ден астам жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпаған», – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Рейд барысында мас күйде көлік тізгіндеген 30-дан астам адам анықталды. Ал 12 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылса да рульге отырған. Бұдан бөлек, 300-ден астам жаяу жүргінші жолдан өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button