ҚоғамСемейТОП

Семей қаласындағы білім беру мекемесіне жаңа автобус табысталды

Балаларды мектепке тасымалдаудың қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа автобус №44 жалпы орта білім беретін мектебіне берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«№44 жалпы орта білім беретін мектебінен Мұрат саяжайы бағытына арналған балаларды тасымалдайтын автобус өз жұмысын бастады. Автобус таңғы 7:20-да соңғы аялдамадан өз жұмысын бастайды. Үш уақыт бойы балаларды тасымалдайтын болады» – деп атап өтті Семей қаласы әкімінің бас инспекторы Берік Нұрболатұлы.

Автобус 22 жолаушыға арналған. Қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелермен жабдықталған. Барлық заманауи талаптарға сай.

Айта кетейік, 20 ақпаннан бастап Бобровка саяжайы бағытына тағы бір автобус оқушыларды тасымалдайтын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button