Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында алғаш рет «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

Абай облысында «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І форумы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Форумның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету. Барлық деңгейдегі депутаттардың қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын дамыту.

Форум барысында облыс әкімі Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларына ерекше назар аударғанын, сондықтан оларды жүзеге асыруға әрбір депутаттың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі жиын халық мүддесі үшін қызмет ететін халық қалаулылары мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға негізделген. Мұнда айтылатын пікірлер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланып, нақты шешімдер қабылданады деп санаймын. Бүгінде партия халықтың күнделікті әлеуетін және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған сайлауалды бағдарламасын сәтті жүзеге асырып отыр. «Әділетті Қазақстанды» құру жолындағы қызметтеріңіз табысты болып, ортақ Отанымызға пайдасын тигізе берсін. Мемлекет пен қоғамның гүлденуіне бағытталған барлық бастамаларыңыз сәттілікке ұлассын», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Форум ашық диалог алаңы форматында өтіп, онда ҚР Президенті ұсынған реформаларды жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Абай облыстық «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту мәселесі қаралды.

Пленарлық отырыстан кейін форум қатысушылары панельдік сессияларда «Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет», «Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы», «БАҚ және әлеуметтік желілермен жұмыс» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетсек, Абай облысында барлық деңгейдегі 158 мәслихат депутатының 123-і «AMANAT» партиясының мүшесі. Оның 118-і бірмандатты жүйемен сайланғандар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button