Абай облысыҚоғамСпортТОП

Абай облысында «Колледж барысы-2023» жеңімпаздары анықталды

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Колледж барысы – 2023» облыстық жарысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақ күресі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Қазақ күресінің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортшы жас өркендерді тәрбиелеу. Жарысқа 72 және 72+ екі салмақ дәрежесі бойынша 21 колледжден 63 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша 72 кг салмақ дәрежесінде Шәкәрім жоғары колледжінің студенті Сабыржан Мақсұтов 1 орын алып, «Колледж барысы – 2023» атағын алды. 2 орынды Геологиялық барлау коледжінің студенті Досымжан Мейрамбеков иеленсе, 3 орын Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті Олжас Кенжеғазинға берілді.

72+ кг салмақ дәрежесінде Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті Керім Фермабек 1 орын алып, «Колледж барысы – 2023» атағын алды. 2 орынды Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің студенті Даниель Жемагулов иеленсе, 3 орын М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Манар Дәулетбаевқа берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button