ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі Орталық саябақ туралы: Әр тиынның өз сұрауы бар

Семей әкімі Нұрымбет Сақтағанов бөлім басшыларымен Орталық саябақ жұмысына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Semey News.

Қала басшысы жасыл аймақты толықтай аралап, бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар ол, Орталық саябақ қаланың жаңа белгісі болуы керек екенін атап өтті.

«Қараңыздар, қанша қаражат жұмсалды, біз осының бәрін аяғына дейін жеткізуіміз керек. Біріншіден, біздің (тырнақша ішінде) «саналы» мердігерлердің ақ-қарасын анықтаймыз.  Себебі олар ақшаны алды. Әр тиынның өз сұрауы болу керек. Біз көгалдандыру бойынша  төленген көлемге, сондай-ақ тротуар плиталарының санына және сапасына тексеру жүргізуіміз керек», – деді қала әкімі қарамағындағыларға.

Фото: Семей қ. ақпараттық орталығы

Сонымен қатар, Н.Сақтағанов жақын арада тағы да бір рет саябақта болып, түнгі жарықтандыру сапасына тексеру жүргізетінін ескертті.

Орталық саябақ 2019 жылы қайта құруға жабылғанын естеріңізге саламыз. Содан бері саябақтың ашылуы бірнеше рет кейінге қалдырылған.  Алайда қала әкімі саябақты 2021 жылғы 1 маусымда салтанатты ашуға уәде берді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button