ШҚОҚоғамТОП

Мемлекет басшысы Өскемендік әскериді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады ​

Мемлекет басшысы ​ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен​ ​3477 әскери бөлімінің​ атқышы ефрейтор ​ Тілек Құмарбеков​ ​ «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.​

ҚР ҰҰ«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық ұландыққа​ мемлекеттік награданы​ Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты​ Ержан Сәденов республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада өз қолымен табыстады. Әскери қызметші​ Үлбі өзеніне шомылып жүрген​ алты жасар баланы ажал ауызынан алып қалған болатын. ​ ​ ​ ​ ​

Еске салайық, оқиға​ 2022 жылдың​ 16 шілдесінде​ Тарханка ауылының маңындағы​ Үлбі өзенінде​ орын алған. Су иірімімен ағып бара жатқан қаршадай​ баланы​ көрген​ әскери қызметші​ құтқаруға​ дереу ұмтылады.​ Ағынды суға батып бара жатқан бүлдіршінді көзсіз ерлік танытып,​ жағаға аман-есен алып шыққанымен, ефрейтердің өзі жан дәрменінен айырылады.​ Медициналық көмекке мұқтаж болған​ жауынгер​ тек аурухана​ есін жиып үлгереді.​

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button