Абайская областьТОП

Көкпекті ауданының полицейлері қарбыз ұрлаушыларды ұстады

Көкпекті ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның бақшасынан белгісіз адамдар 20 қарбыз ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын 30 000 теңгені құрады.

Оның айтуы бойынша осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған. Мәселе шығында емес еңбекте деп ашынды қарбыз иесі. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған). Олар өздерінің кінәларын мойындады. Тентектер қарбыздарды жеп қойған.

Қазіргі кезде 14 жасқа толған 5 кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық жасөспірімдерді ювеналды полиция бақылауға алды, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, олардың мақсаты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button