Абайская областьТОП

Абай облысы жоғары экономикалық өсім көрсетті

Бүгінгі таңда ел экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ды құрады, бұл ретте құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат пен байланыс ең үлкен өсімді көрсетеді. Бүгін ҚР Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі 12,2%-ды құрағанын атап өтті. Осылайша, инвестициялар ағыны көлікте және қойма саласында 49%-ға, білім беруде 31,9%-ға, саудада 30,1%-ға, ауыл шаруашылығында 20,7%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте 8,5%-ға өскен. Өңір көлемінде ең үздік көрсеткіштер Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында тіркелген.

«Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ға өсіп, 79,5 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт 44,8 миллиард АҚШ доллары, ал тауарлар импорты 34,7 миллиард АҚШ доллары. Жалпы, сауда балансы 10 млрд доллардан асты», – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Еліміздің 15 өңірінде, соның ішінде Абай облысында өңдеу өнеркәсібі оң көрсеткіштерді сақтап отыр. Мәселен, елімізде тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3%-ға, басқа пайдалы қазбаларды өндіру 13,6%-ға ұлғайған. Бұл бағытта көрсеткіштердің нәтижесіне сәйкес Абай облысы көшбасшылардың бестігінде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсімі Абай және Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда облысында тіркелген. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ға ұлғайды. Абай өңірі тұрғын үйді пайдалануға беруде жоғары коэффициенттерді көрсетіп отыр. Осылайша, 8 айдың қорытындысына сәйкес 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов барлық өңірлер нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруы қажет екенін атап өтті.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button