Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаларын салтанатты түрде табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2022 жылы Семей қаласында «Батыр ана» атағымен 2 202 ана марапатталған болатын. Жыл басынан бері Семей қаласында 111 анаға “Батыр ана” атағы берілді. Бүгінгі таңда облыс орталығында 5000-ға жуық отбасы көпбалалы отбасы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Аталған отбасыларда 21 200 бала тәрбиеленуде.
Бүгін қала күні қарсаңында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 10 анаға “Батыр ана” атағын салтанатты түрде табыстады.
«Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Біз алдағы уақытта да көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Қала әкімінің қабылдауында болған батыр аналар да өз кезегінде Мемлекет басшысына, облыс және қала әкіміне қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.
Semeynews.kz