Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Бесқарағай өңірінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы аяқталу алдында

2023 жылы аймаққа қарасты ауылдардың кіре беріс жолдары жөнделіп, бірнеше елді мекеннің ауылішілік жолдары жаңарған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қарабас, Жыланды, Өндіріс ауылдарының кіре беріс жолдары орташа жөндеуден өтті. Қарабас ауылының 0-2 км шақырымына жүргізілетін жұмыстың жоба құны – 103 млн. теңге. Ағымдағы жылы аталмыш жобаға 60 млн. теңге бөлініп, қалған 43 млн. теңге қаражат алдағы жылдары қарастырылмақ. Мердігер – «Өскемен-Тазалық» ЖШС ұйымы.

Жыланды ауылының 0-1 км кіре беріс жолын жөндеу үшін 49 млн. теңге қаражат қажет. 2023 жылы жөндеу жұмыстарына 30 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Металлургстройсервис» компаниясы жол жөндеу құрылысына қажетті битум мен арнайы техникаларды дайындауда.

Өндіріс ауылының 0-3,4 шақырымын жаңарту үшін 117 млн. теңге қаражат бөлініп, «Гордострой» ЖШС мердігер ұйымы асфальттау жұмыстарына кіріскен.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары өңірлерді дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында атқарылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button