Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Семейде егін жинау науқаны жалғасуда

Семейде егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаз бойы фермерлер таңнан кешке дейін тоқтаусыз еңбек етті. Тынымсыз жасалған жұмыстың күз мезгілінің берекелі болуы – үлкен қуаныш. Фермерлер егін дақылдарын жинау науқанын жалғастыруда. Шаруашылық мамандары әр астықты ысырапсыз жинау үшін күндізгі сағаттың әр минутын тиімді пайдалануға тырысуда.

Ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Семей қаласына қарасты ауылдар бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 17645,5 га алқапқа егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. 567 га дәнді дақылдар (бидай – 200 га, күздік қара бидай – 217 га, дәнге арналған жүгері – 150 га).

Дала жұмыстарына шаруашылық субъектілерінің 1837 ауыл шаруашылығы техникасы және қондырғылары қатысуда. Шаруашылықтарға 1069 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді (тамыз айындағы баға литріне 242 теңге).

Мал азығын дайындау жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 105 тонна шөп (41,8%) және 8200 тонна (33%) пішендеме жоспарланған көлемде дайындалды.

Күзгі жиын-терін және мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button