Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысының Шар қаласында Жастар ресурстық орталығы ашылды
Жарма ауданының Шар қаласында Жастар ресурстық орталығы ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Орталық жастарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік бағдар беруге, волонтерлік қозғалыс пен кәсіпкерлікті жандандыруға және дамытуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, ғимаратта жастарға арналған қолайлы орындармен қатар, ардагерлер бөлмесі де қарастырылған.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров арнайы қатысып, жастарға жылы лебізін білдірді.
- Ауданымыздың мерейін асқақтатып, өздерінің білімі, шығармашылық жұмыстары және спорттағы жетістіктерімен облыс, республика, қала берді халықаралық деңгейде танылып жүрген жастарымыз жетерлік. Мұндай талантты жастарға әрдайым қолдау көрсететін боламыз. Бүгінгі ашылып жатқан Жастар ресурстық орталығы да өз ықпалып тигізеді деген ойдамын, – деді Жарқынбек Байсабыров.
Жарма ауданында 14 пен 35 жас аралығындағы 10 404 жас бар. Бұл жалпы халықтың 26,7 пайызын құрайды. Оның ішінде Шар қаласындағы жастар саны – 3108.
Semeynews.kz