Семей
Семейдің сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу және жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Бүгінде Ломоносов көшесі, 24 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу және сәулеттік жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта Түрксіб көшесі, 30 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде тиісті жұмыстар жалғасуда.
Бұған дейін Құнанбай көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделіп, сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылған болатын.
Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту және жарықтандыру жұмыстары жалғасады.



