
Семей қаласының әкімдігі ағымдағы жылы 1300 дана жаңа стандартқа сай келетін қоқыс жәшігін сатып алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда олардың 240 данасы қалаға жеткізіліп, оларды орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 1060 дана контейнер алдағы уақытта Семей қаласына жеткізілетін болады.
– Қалалық әкімдік жаңа қоқыс жәшіктерін қаланың орталық көшелерінде орнатуды жоспарлап отыр. Ескі қоқыс жәшіктері жөнделіп, боялып, қаланың шеткері аумақтарындағы кенттерге жеткізіледі. Осылайша біз қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын жеделдете аламыз, – деп мәлімдеді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Омаров.
Айта кетейік, қала әкімдігінің қолға алған шараларының нәтижесінде қала тұрғындарының қоқыс шығаруға қатысты арыз-шағымдары айтарлықтай азайды. Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.
Semeynews.kz