Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

Семейдегі Ф.М.Достоевский музейінде “Бала Сұлтан” атты мерекелік шара өтті

Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Отан қорғаушылар күніне арналған «Бала Сұлтан» атты мерекелік іс –шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жас жігіттер айбатты, шымыр, қабілетті болып тәрбиелену үшін ұйымдастырылған мерекелік іс-шара болды. Іс-шараға аула клуб кауымдастығының қатысушы оқушылары қатысты. «Дастан», «Жасұлан» аула клубтары, №8 ЖОББ көркемдік –эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ оқушылары белсене қатысты. «Бала Сұлтан» сайысына қатысқан балалар сайыстың кезеңдік тапсырмалары орындап өз өнерлері мен қабілеттерін сынап көрсетті. Қазылар алқасы тағайындалып, баға берді.

Кезең тапсырмалары:

1.«Тегімді менің сұрасаң». (таныстыру)
2.« Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ-жауап)
3. «Өнерлі өрге жүзеді» өнер көретеді
4. «Сегіз қырлы бір сырлы» «Үй тапсырмасы..» осылай болып, балалар тарапынан орындауға деген ынталары тамаша болды. Балалар әр кезең тапсырмасынан сүрінбей өтіп өз өнерлерін көрсетті. Нағыз болашақ жігіттер екенін тағы бір дәлелдеп, батыр балалар алға ұмытылды.

Өз өнерлерін көрсеткенен тайынбаған педагогикалық колледж студенттері, «Алға қазақ жігіттері» атты әні мен кештің сәнін келтірді. Қолдауға келген кішкентай бүлдіршіндерді қолдау ретінде өз өнерлерін көрсетіп, қолдау плакаттарымен тағы бір шабыт берді. Болашақ отан қорғаушылар өз ерліктерін көрсетіп, болашағымыз айқын, жолымыз ақ екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Оқушыларды грамота және алғыс хаттармен марапаттап, алғыстарын білдірді.

Болашақ осы жігерлі ұрақтардың қолында!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button