Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейдегі колонияда қақпа алдындағы кездесу өтті

Семейдегі колонияда қақпа алдындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұрынғы сотталғандарды бейімдеу тек қылмыстық-атқару жүйесі органдарының міндеті емес. Бұл мәселеде барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың кешенді ынтымақтастығы көмектесе алады.

Сотталғанды әйелі мен туыстары және мемлекеттік органдардың өкілдері қарсы алды. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – сотталғандарға қоғамға бейімделуге, жұмыс табуға және ұзақ жылдар бойы бас бостандығынан айырылғаннан кейін дұрыс жолды таңдауға көмектесу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға қолдау көрсету. Мемлекеттік органдардың өкілдері босатылған адаммен әңгімелесіп, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар жасаудың салдары жайлы да сөз етті.

Ер адам кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бірақ туыстары одан теріс айналмай, оны қарсы алды.

– Мен қуаныштымын біз осы бақытты сәтті көп күттік. Басында күйеуімді алып кеткенде, мен өмірде сынған едім, бірақ мені бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз ынталандырды. Міне, мен онымен кездесу үшін осы колонияға келіп жүргеніме 10 жылдан астам уақыт өтті….бүгін мен бұл мекеменің есігін соңғы рет аштым деп үміттенемін, – дейді қамаудан босап шыққан азаматтың әйелі.

Пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің айтуынша, “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі және бұл осы санаттағы адамдар арасында қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жолдардың бірі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button