Абай облысыАтом энергетикасыВизитҚоғамТОП

ҚР ҰЯО РМК-да Қытай атом энергиясы институты делегациясы болды

Қытай атом энергиясы институты делегациясының Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына сапары аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл олардың ҚР ҰЯО РМК-ға алғашқы ресми сапары, осы уақытқа дейін кәсіпорындардың тұсаукесері, ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылау онлайн-форматта өткізілді.

Жұмыс аптасы барысында әріптестер ҚР ҰЯО РМК ғылыми базасымен –ядролық зерттеу реакторларымен, зертханалармен, стендтермен, қондырғылармен және т.б. танысты. Соңында техникалық кеңес өткізіліп, онда атом энергетикасын дамыту саласындағы кәсіпорындардың жетістіктері мен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, қытайлық әріптестер ҚР ҰЯО РМК эксперименттік базасында зерттеу жүргізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button