Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейдегі жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер үлес қосты

Бүгін Семейде  облыс орталығының аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық науқан аясында сенбілік өтті,- деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала әкімдігінің қала аумағын ретке келтіру жөніндегі бастамасы Семейдің тазалығына үлес қосқысы келген барлық тұрғындарды біріктірді.

 

Сенбілікке барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары шықты, қаланы тазалау мен абаттандыруға өз үлестерін қосуға тілек білдірген жанашыр азаматтар да шетте қалмады.

“Бейбітшілік аралында” облыстық басқармалар ұжымдары жапырақтарды жинап, талдардың түптерін әктеді. Сондай-ақ қаланың басқа да саябақ аймақтары ретке келтірілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button