Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей әкімі кезекті мәрте қала тұрғындарын қабылдады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын кезекті мәрте жеке сұрақтары бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл жолы қала әкімінің қабылдауында болған 11 тұрғынның басым бөлігі, қаладағы кейбір көше мен аялдама, атауларын ауыстыру сынды мәселелерді көтерді.

  • Қазіргі таңда Республикалық ономастикалық комиссия бекіткен «Тарихи тұлғалар» тізімін қатаң басшылыққа алу туралы жұмыстар жүргізілуде. Қалада мән- мағынасы жоқ аялдамалар атауын кезең- кезеңімен ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Облыстық және Республикалық ономостикалық комиссяның шешімі арқылы жұмыстар атқарамыз, – деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Әкімнің қабылдауында болған Салтанат есімді азаматша, ҰОС ардагері Асқар Рахимбаевтың үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді сұрады. Қала әкімі өз кезегінде ҰОС ардагеріне әкімдік тарапынан көмек көрсетуге дайын екендігін айтып, қалалық әкімдік тарапынан әлеуметтік көмектердің көрсетілетіндігін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі әр аптаның жұма күні азаматтарды тұрақты түрде жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 7 қазаннан бастап қала әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауында 450-ден астам адам болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button