Абайская областьВыборыСемейТОП

Бүгінгі сайлау күні елімізге белгілі қоғам қайраткерлері де белсенділік танытуда

Бүгінгі сайлау күні елімізге белгілі қоғам қайраткерлері де белсенділік танытуда. Себебі ел ағалары елдің дамуына өз үлестерін қосып, әрқашан жаңа істердің жаршысы болып, жастарға қашанда үлгі болып келеді.

Семей қаласындағы №93 сайлау учаскесінде жастармен бірге аға буын өкілдерінің де қарасы көп. Елімізге танымал ғалымдар Арап Еспембетов , Тұрдықұл Шаңбай өз дауыстарын беріп, саяси маңызды шараға қатысты.

– Осы сайлаудан кейін жаңа, әділетті Қазақстанға қадам басамыз деп нық сеніммен айта аламын. Себебі мемлекет басшысының өзі жаңа реформаларды бастап отыр. Соның бірі – жаңа облыстар құрылды. Әрине, біздің облыста шешімін күткен мәселелер көп. Мемлекет басшысы Абай облысының инфрақұрылымын жақсарту жөнінде тапсырма берді. Соның аясында Абай облысын дамытудың бес жылға арналған кешенді жоспары әзірленді. Облысымызға үлкен инвестициялар тартылмақ, – дейді Қазақтанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қоғам қайраткері Арап Еспембетов.

– Абай облысында, еліміздің рухани орталығы Семей қаласында ширек ғасырдан бері қордаланып қалған мәселелер көп. Жастарға көп көңіл бөлініп, жағдай жасалуы керек. Қазір жастардың талғамы жоғары. Сайлаудан жеңіп шығатын үміткерлер депутат болған соң халықпен бірлесе жұмыс жасау керек. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын көптеген нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы жаңа Абай облысын құрды. Бұл өте әділетті шешім болды. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басы басталады. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағынан мемлекет жаңа даму сатысына көтеріледі деп ойламын,- дейді Абай мұражайының директоры, белгілі ғалым Тұрдықұл Шаңбай.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button