Абай облысыСайлауСемейТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Аймақ басшысы жұбайымен бірге “СМУ” КеАҚ-та орналасқан #93 сайлау учаскесінде дауыс берді. Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, дауыс беру – әрбір азаматтың міндеті.

– Осыдан бір жыл бұрын, Президентіміз өз Жолдауында әкімшілік, саяси және экономикалық реформалар туралы баяндады. Өткен жылы референдум мен Президент сайлауы өтті. Халқымыз белсенділік танытып, таңдауын жасады. Биыл да, саяси реформалар жалғасуда. Өздеріңіз баспасөз бен теледидар, әлеуметтік желілер арқылы сайлау науқанымен таныс болдыңыздар. Барлығы ашық, тең, жария түрде өтуде. Бүгінгі, сайлауға да Абай елінің белсенді қатысуы қуантады. Бұл – халқымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін көрсетеді. Болашақтың қамы болғандықтан, әркім сайлаудан тыс қалмау керек деп санаймын. Барша кандидаттарға сәттілік тілеймін! Әрқайсысы Абай елін көркейтуге атсалысады деп ойлаймын! – деді облыс әкімі Н. Ұранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button