Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде қала көшелерін еріген қар суынан тазарты жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Семейде қала көшелерін еріген қар суынан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі уақытта суды тазартуға 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары,8 бірлік жылжымалы мотопомпалар және 12 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға тұнбаларды сору машинасы мен арнайы техника тартылған.

Қазіргі таңда 22 мың м3 астам су сорылды.

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Холодный Ключ, Восход кенттерінде қар шығару жұмыстары жалғасуда. Қар шығару жұмыстарына 50-ден артық техникалар жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша қыс мезгілінің басынан бастап қала аумағынан 476 мың м3 астам қар шығарылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button