Абай облысыҚоғамСемейТОП

Қызметтердің су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығы туралы облыс әкімдігінде хабарлады

Синоптиктер болжаған күрт жылыну басталып, қар ери бастады. Сонымен қатар, Ертістегі мұзда ери бастады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Абай Димитрий Гариков су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық барлық өңірлерде қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

  • Облысымызда 1300-ден астам су өткізетін құбыр, 130-дан астам көпір бар. Жалпы, облыстағы су өткізгіштер мен көпірлердің барлығы дерлік ашық. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдарда артта қалушылық бар, бірақ жұмыс тоқтап тұрған жоқ. Гидротехникалық құрылыстарды көктемгі тексеру жұмыстары да жүргізілді. Аймақтарда қату тереңдігі нормадан аспады. Ертістегі мұздың қалыңдығы 70-80 сантиметрге дейін жетеді. Семей өңірінде оның қалыңдығы 64 сантиметрді құрайды. Бүгін біз мұз жару жұмыстарын былтырғыдан да ерте жүргіздік, өйткені күннің күрт жылынуы күтілуде. Бесқарағай мен Бородулиха аудандарында да мұз жару жұмыстары жоспарланған, – деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сұлтан Ахметов барлық қызметтер, күштер мен құралдар да ықтимал су тасқынына дайындалып жатқанын айтты.

  • РҚШОЖ барысында азаматтық қорғаныс қызметтерінің ықтимал су тасқынына дайындығы тексеріледі. Өрт сөндіру бөлімі халықты эвакуациялау үшін толық дайындықта. Семей қаласының жедел медициналық жәрдем қызметінің негізінде құрылған медициналық қызмет су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсете алады. «Қызыл жарты ай» бірлестігі де медициналық және психологиялық көмек көрсете алады. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда, – деді Сұлтан Ахметов.

Сондай-ақ Сұлтан Ахметов қалада кез келген уақытта 30-ға жуық эвакуациялық пункттер орналастырылуы мүмкін екенін айтты.

  • Сондай пункттердің бірі «Семей» қонақүйінде орналасқан. Қонақ үй әкімшілігінің өкілдері бір мезгілде 30-дан 50-ге дейін эвакуацияланушыны қабылдай алады. Сонымен қатар, бізде эвакуацияға көмектесетін медициналық құтқару пункттері бар, – деді Сұлтан Ахметов.

Су тасқынының алдын алу мақсатында РКШОЖ аясында бүгін өзеннің жайылмасында жарылыс жұмыстары жүргізілді.

  • Қалада барлығы 15 су басу қаупі бар аумақ анықталды. Әрине, алаңдататын жайттар бар, бірақ олардың барлығы қала әкімдігінің толық бақылауында, – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button