Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Азаматтардың табысын арттыру-басымдықта!

AMANAT партиясының кандидаты Қуаныш Қасенов Абай облысының N5 бір мандатты округі бойынша Облыстық Мәслихатқа кандидат.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы азаматтардың табысын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті гранттық қолдау мәселелерін ілгерілету, жастар бастамаларын қолдау, туризмді, Ауыл шаруашылығын дамыту, білім берудің, денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, рухани даму, спортпен шұғылдану үшін мүмкіндіктер жасау.

Қуаныш Қасенов үгіт-насихат кездесуін “СИЛИКАТ” ЖШС ұжымынан бастады.

“Сіздердің бірде-бір өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды. Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Біз заңдылыққа кепілдік береміз, тәртіп орнатамыз! Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасайық, барлығына адал ережелерді қамтамасыз етеміз, адал еңбекке лайықты ақы төлеуге кепілдік береміз! Барлығына тең мүмкіндіктер берейік!”,- деді Қуаныш Қасенов еңбек ұжымындағы сайлаушылармен кездесуде.

Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button