Абай облысыҚоғамСаясатСайлауСемейТОП

Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Нұржан Бахаев №2 сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

Нұржан Бахаев аудан тұрғындарына өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кандидат атап өткендей, қала аудандарының күрделі проблемалары аумақтарды абаттандыру және жолдарды жөндеу болып қала береді. Сондықтан ол бұрын жөндеу жүргізілмеген көшелердегі жолдарды жөндеуге бағытталған қаржыландыруды ұлғайтуға байланысты мәселелерді шешуге белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті. Депутат болып сайлана отырып, Нұржан Бахаев қала көшелерін абаттандыруды, көгалдандыруды және жарықтандыруды, сондай-ақ жолдарды жөндеуді, спорттық демалыс құрылыстарын салуды бақылауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кандидат қала шетіндегі аудандарды бейнебақылаумен жарақтандыру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Нұржан Бахаев семейліктер мен қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тұрақты негізде жаңа өндірістер ашып, азаматтарға жұмыс пен тиісті жалақы беру қажеттігіне сенімді.

«Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту мақсаты бар жергілікті бастамаларды іске асыруға жағдай жасау және отандық және шетелдік инвестицияларды тарту қажет», – деп есептейді кандидат.

Сонымен қатар, Нұржан Бахаев отбасылық құндылықтарды қолдауға және отбасылық әл-ауқатты насихаттауға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап отыр. Ол үшін қолжетімді несиелер беру, ипотекалық жүйені дамыту және жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді ұсыну арқылы тұрғын үй саясаты мәселелерін одан әрі жетілдіру маңызды деп санайды.

“Қоғамды экология мәселелері жиі мазалайды. Қала тұрғындары қоршаған ортаның ластануынан зардап шегеді. Денсаулық сақтау саласын дамытуға көбірек көңіл бөлу қажет. Қаланың әрбір тұрғынына барлық деңгейде қолжетімді ем беретін кез келді. Спорт жаппай болуы керек. Мен өкілді органның депутаты ретінде спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау және жобаларды іске асыру кезінде сайлаушылардың мүдделерін қорғайтын боламын. Біз барлық жақсы істерді бірге және жүректің шақыруымен жасауымыз керек! Жарқын болашақты бірге құрайық!”,- деп кандидат азаматтарды шақырады.

№2 сайлау округінен Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Н.Бахаевтың сайлау қорынан төленді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button