Covid-19ШҚОТОП

ШҚО мониторингтік топтар 8 бұзушылықты анықтады

Облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

12 мамырда Өскемен қаласы бойынша мониторингтік шарамен 155 нысан қамтылды, облыстық бас санитарлық дәрігермен белгіленген шектеу режімін бұзудың 5 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, алдыңғы рейд барысында азық-түлік емес және азық-түлік дүкендері сатушыларының маскасыз болуларына байланысты айыппұлдар салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 175 020 теңге.

Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, мониторингтік топ 75 нысанға тексеру жүргізді. Рейд барысында 3 бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ, рейдтер Курчатов қаласында, Абай, Алтай, Зайсан, Күршім, Ұлан және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button