Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Ауған және Тәжік мемлекеттерінің аумағындағы соғысқа қатысқан ардагерлерді марапаттады

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ауған және Тәжік мемлекеттерінің аумағында соғысқа қатысып ерлік көрсеткен ардагерлерді марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

1992 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанда жиынтық қазақстандық батальонды Тәжік-Ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекараларын күшейтуге жіберу туралы қаулы қабылданды.

Қазіргі таңда Семей қаласында 150 ардагер тұрады.

“Соғыс ошағында қаза тапқан жастардың қаһармандық және патриоттық ерліктері әрқашан жерлестерінің жүрегінде сақталып қалмақ.”, – деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Сонымен қатар, кездесу барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ардагерлерді Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button