Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП

️Абай облысының полицейлері есірткі сатқан қылмыскерді ұстады

Қаңтардың соңында Абай облысының жедел уәкілдері өткен жылдан бері Семей қаласында жасалған есірткі заттарын өткізу күдігі бойынша іздеуде жүрген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұсталған тұлға бұған дейін, 2022 жылдың 16 мамырында ПБ полиция қызметкерлері күдіктіні есірткімен заңсыз айналысқаны үшін ұстаған болатын.

Ешқайда кетпеу түріндегі қолхатпен жүрген азамат тергеушілерден жасырынып қалған еді.

Жедел ақпарат бойынша Абай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының полицейлері Семей қаласында іздеуде жүрген 54 жастағы қылмыскерді ұстады, қазір ол УҰИ-на қамауда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button