ҚоғамСемейТОП

Семейде Айт намазы өтті

Бүгін барша мұсылмандар қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды Semey News ШҚО "Шығыс ақпарат" ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Фото: Анатолий Тернов

Өткен жылы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мешіттерде дәстүрлі Айт намазы өткізілген жоқ. Биыл мешіттердің аулаларында яғни, ашық аспан астында намаз оқуға рұқсат етілді. Бүгін Семейдегі Абай атындағы жаңа мешіттің ауласында Айт намазы алғаш рет оқылды.
–  Ораза айт мерекесін ерекше атап өтудеміз. Мешіттің ауласында таза ауада Айт намазын оқимыз. Барлық мұсылмандарды осы қасиетті мерекемен құттықтап, әр отбасына амандық тілейміз. Биыл Ораза айт намазы барлық санитарлық талаптарға сай өтті. Ауланың аумағы намаз оқитын әрбір адамға 4 шаршы метрден бөлінген. Бұған дейін 2-3 күн бұрын санитарлық талаптарды сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы.

Semey News.

 

Осы айдарда

Back to top button