Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде коммуналдық мекеме екі жыл бойы кәсіпкерлерге ешқандай себепсіз жылу бермеген

Семейде коммуналдық кәсіпорын кәсіпкерлерді жылуға қосудан заңсыз бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикор қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері «жылу берушілер» тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды анықтады.

Мәселен, бизнесмендердің өтінішін зерделеу барысында «Теплокоммунэнерго» МКК екі жыл бойы құрылыс объектілерін қаланы жылумен жабдықтау желісіне қосуға техникалық шарттар беруден заңсыз бас тартқаны белгілі болды.

Бас тартуға қалалық жылу желісінің өткізу қабілетінің болмауы деген себеп болған.

Бұл ретте, материалдарды зерделеу барысында «Теплокоммунэнерго» кейінірек жүгінген басқа кәсіпкерлерге жылуға қосылуға рұқсат бергені анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кәсіпорын басшылығымен және өтініш білдірген кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді.

Екі күннен кейін Теплокоммунэнерго дәріханаға және азық-түлік дүкеніне жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарт берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button