Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде заңсыз ілінген жарнамалар алынуда

Тіл туралы заңды сақтау мақсатында Семей қаласында жарнамалық белгілер мен плакаттарды бақылау жалғасуда,- деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мониторинг барысында бірқатар заңсыз ілінген жарнамалық баннерлер мен конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қаланың көркін бұзып тұрған жыртылған, ескірген постерлер де алынып тасталынды.

Рейд барысында қаланың ШОБ субъектілерімен заңсыз жарнама орналастыруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Қазақстан Республикасының Заңының 21 – бабында көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналастырылады: сол жақта немесе жоғарыдан – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменнен-орыс тілінде, көлемі жағынан бірдей әріптермен жазылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button