Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысында үш жаңа балалар лагері ашылады

Жаңадан пайда болатын балалар лагерінің құрылысы Абай облысын дамытудың Кешенді жоспарына енгізілген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жалпы, Кешенді жоспардың негізгі бағыты бойынша әлеуметтік сала бойынша 30 іс-шара енгізілді, оны іске асыру 194.9 млрд теңгені құрайды.

Оның 102,1 миллиарды 7 медициналық нысанның құрылысына жұмсалады.

Мәдениет және спорт саласында 8 мәдениет объектісін, 1 жүзу бассейнін және 5 спорт модулін салу жоспарланған. Осы мақсаттарға 20,2 млрд. теңгені игеру көзделіп отыр.

5 іс-шара әлеуметтік қорғау бойынша іске асырылады. Мұнда балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің, мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталығының құрылысына 19,1 млрд. теңге бағытталатын болады.

Білім беру саласында кешенді жоспарға сәйкес 53,5 млрд. теңгеге 14 нысан салу жоспарланған. Облыста 6 жаңа шағын жинақталған мектеп пайда болады. Жалпы білім беретін мектептерге қосымша құрылыстар салынатын болады. Семейде тағы бір оқушылар сарайы салынады.

Сондай-ақ, облыста 3 жаңа балалар лагері ашылады.

– Барлық лагерьлер қазір жеке меншікте. Біз қазір орындарды қарастырып жатырмыз: Үржар ауданы бойынша да, Алакөл бойынша да ұсыныстар бар. Сонымен қатар, бізде аудандарда лагерьлер салынады, мысалы, Акусатта балалар лагерін салу жоспарлануда. Мұның бәрі алдағы жылы жасалады – деп мәлімдеді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірлік БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button