СемейТОП

Семейде «Абайлаңыз-балалар!» ЖААІ өткізілуде

Ағымдағы жылдың 12-14 мамыры аралығында жазғы демалыс қарсаңында Семей қалалық полиция басқармасымен "Абайлаңыз-балалар!» жедел алдын алу іс-шара өткізілуде, деп хабарлайды Semey News.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, жедел алдын алу іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс жасау үшін  балалардың дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақта көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО себептерін жою бойынша жүйелі шаралар әзірлеуді жоспарлап отыр.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға және балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған басқа да бірқатар іс-шаралар жүргізу  жоспарланған.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button