СемейТОП

Семейде вандалдар танымал абайтанушының бейітін талқандады

Семейде абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың бейітін талқандады, деп хабарлайды Semey News.

Фото: Анатолий Тернов

ШҚО “Шығыс ақпарат” ақпараттық орталығының хабарлауы бойынша,биыл аса көрнекті ғалымдардың бірі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог және қазақ әдебиетіндегі абайтанудың негізін қалаушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толады. Айтулы тарихи дата қарсаңында ғалым бейітінің құлпытасын қиратып, мәрмәр тасын екіге бөлген қатігездік қайта қайталанып отыр.
–Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Бұрын қабірдің қоршауы ою-өрнектермен безендірілген, бірақ ол іс жүзінде бөлшектелді. Енді қоршау темірден жасалған және өздігінен сынуы мүмкін емес. Мұнда мәрмәр плитасы сынған және ол әдейі ұйымдастырылған. Бұл қатігездікті  кім ұйымдастырғаны түсініксіз. Әрине, өз уақытында Қайымға көре алмаушылық танытқандар  көп болды. Ал, Семей үшін Қайым-бұл 70-90 жылдардың символы деуге болады. Ол алаштықтардың рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген аңыз адам. Осы ұлы адамның зираты қазір өте ауыр жағдайда екенін көру өте қиын, – дейді ақын, композитор және өнертанушы Құсмилия Нұрқасым.
Ұлы абайтанушының зиратын қала басшылығы қалпына келтіруге ниетті. Қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, әкімдік жақын арада ғалымның қабірін қалпына келтірумен айналысады.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button