Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді

Абай облысының Аягөз ауданында дала өрті тіркелді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы екі тәуілікте Аягөз ауданында дала өрттері тіркелді.

“Аягөз ауданында шыққан дала өрттерінің екеуі толық сөндірілді. Бүгін сағат 9.10-да Аягөз ауданының Баршатас ауылдық округінде құрғақ дала шөптері өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру және жергілікті атқаруы органдардың қыметкерлері өртті сөндіруде. Өрт алаңы анықталуда”, – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін өңірдің бес ауданында дала өрттерімен күрес жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button