Абай облысыҚоғамСемейТОП

Бүгін Семейде жалпықалалық сенбілік өткізілді

Бозтаев көшесі, Селевин көшесі, Абай көшесі, Шәкәрім даңғылы, Қаржаубайұлы көшесі мекен жайы бойынша аумақты жинау және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 650 адам мен 19 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ,«ВостокСтройгрупп» ЖШС құрылыс компаниясы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін шығару үшін техника ұсынды, бұл жұмыстар ПИК-пен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Сенбілік күні қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқысты қабылдауды ұйымдастырған кәсіпкерлер де табылды. Кеше «Теплокоммунэнерго» МКК «Ет комбинатынан» МАИ бекетіне дейінгі аумақты тазалады. Айта кетейік, бұған дейін 200-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындарына, шағын және орта бизнес өкілдеріне, білім беру, медицина мекемелеріне, ПИК-ке хабарлама жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліді. Алайда тұрғындар мен бизнесмендер тиісті белсенділік танытпады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button