Абай облысыМәдениетҚоғамСемейТОП

Семейде “Мерейлі отбасы” байқауында екі отбасы жеңімпаз атанды

Кеше Семейде отбасылық өмір салтын насихаттауға бағытталған “Мерейлі отбасы” байқауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқауға бес отбасы қатысты, олар қазылар алқасына өздерінің визит карточкаларын ұсынды, өз отбасылары туралы айтып, театр қойылымдарын көрсетті. Биылғы жылы байқаудың бірінші орнын екі отбасы – Байбатыровтар мен Сапархановтар бөлісті. Әр отбасы 100 мың теңгенің сертификатын алды. 80 мың теңгенің сертификатын алған Құрманбаевтар отбасы ІІ орын алды. ІІІ орын иегерлеріне Құмашевтар-Айтқалиевтер отбасына шаңсорғыш пен 70 мың теңге табыс етілді. ІV орынды Тоқтағазиндер отбасы иеленіп 50 мың теңгенің сертификатын алды.

“Мерейлі отбасы” байқауы жыл сайын еліміздің барлық қалаларында өткізіледі. Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары облыстық, одан әрі республикалық кезеңдерге жіберіледі. Биыл Семейде байқау тоғызыншы рет өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button