Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының әкімі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жұмысымен танысты

Облыс әкімі аралаған нысандардың алғашқыларының бірі – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Колледж басшылығы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты оқу орнының тарихымен, жеткен жетістіктерімен таныстырды, сонымен қатар көлемді іс-шаралар ұйымдастыру үшін акт залының жоқ екеніне тоқталды.

«Біз колледжді дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ біздің бақылауымыздан тыс нәрселер де бар. Мерекелерді, концерттерді және салтанатты іс-шараларды өткізетін акт залы болғанын қалаймыз», – деді М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева.

Колледжде орталықтандырылған жылу жүйесінің болмауы маңызды мәселе болып қала беруде. Колледждің өз қазандығы бар, бірақ оның жағдайы көңілден шықпайды.

Колледж өкілдерін тыңдап, облыс әкімі профильді ведомстволарға тиісті тапсырмалар берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button