Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде Ертіс жағасынан дәрменсіз бұлан табылды

Семейде Ертіс жағасынан бұлан табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Семей орманы” МОТР хабарлауынша, 16 маусымда әлеуметтік желілердегі қала пабликтерінің бірінде Қасиетті бұлақ ауданында, Ертіс өзенінің жағалауында жүрген бұлан туралы бейнеролик жарияланды. “Семей орманы” резерватының өрт сөндіру стансасының жеке құрамы жедел түрде анасынан адасып қалған бұланды іздеуге кірісті.

“Орманшылар бұланды ізі арқылы күн батқанда тапты, оны тамақтандырып, түнеуге қалдырды. Таңертең бұланды одан ары бағып-қағу үшін балалардың биологиялық орталығына тапсырды, себебі бұлан әлсіз болды, қорыққан жануарды қайтадан орманға жіберу, оның өмірін өлімге тігумен тең”, – деп түсіндірді резерватта.

Semeynews.kz

Бейнеролик: Abaynews.kz видеопорталынан

Осы айдарда

Back to top button